Биыл ШҚО туризміне 5,4 млрд теңге инвестиция тартылды

14 Шілде 2022, 17:43
1132
Бөлісу:
Биыл ШҚО туризміне 5,4 млрд теңге инвестиция тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, аймақта ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Жыл басынан бері бұл салаға 5,4 млрд теңгенің инвестициясы тартылған. Оның 1,5 млрд теңгесі Катон-қарағай ауданының Өрел ауылына 250 орынды туристік кешен салуға бөлінген.

Сонымен қатар ол 12 млрд теңге болатын 36 жоба қолға алынғанын атап өтті.

Оның ішінде Бұқара су қоймасы жағалауында 12 демалыс базасы мен қалаларда - 10 туристік нысан салу басталды. Бұған дейін Алакөлге 17 млрд теңге салған едік, енді инвестицияны Бұқтырма жағалауын дамытуға бөлеміз. Алдағы 3 жылда ол жер адам танымастай өзгереді, - деп сендірді Ахметов.

Әкім сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының турист тартуда әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Әсіресе облыста бұғының пантасымен емдеу жақсы жолға қойылған.

Ахметовтың айтуынша, өңірде өнеркәсіп өнімінің көлемі 108 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімі 105 пайызға, 109, құрылыс жұмыстары 108 пайызға өскен. Осының барлығы мемлекеттік бюджетке түсімді 1,6 есеге арттыруға мүмкіндік берген.

Еңбек нарығы тұрақты дамуда. Соңғы екі жылда жұмыссыздық деңгейі 4,8%-тен асқан жоқ. Орташа айлық жалақы 268 мың теңгені құрап, жүз жиырма 125%-ке өсті,-деді өңір басшысы.
 

Өзгелердің жаңалығы