Биыл республикалық концерттік ұйымдар 500-ден аса концерт өткізген

26 Желтоқсан 2023, 13:13
438
Бөлісу:
Биыл республикалық концерттік ұйымдар 500-ден аса концерт өткізген
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президенттің 2023 жылғы тапсырмасын орындау аясында жасалған жұмыстарының қорытындысы тақырыбында өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, осы жылы республикалық концерттік ұйымдар бес жүзден аса концерт өткізіп, 515 мыңға жуық көрерменге қызмет көрсетсе, республикалық театрлар екі мыңнан аса спектакль, 65 жаңа қойылым қойып, 1 миллионнан астам көрерменге өнерін көрсетті.

Ұлттық әдебиетті насихаттау мақсатында Мысыр, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінде Қазақстанның мәдениет күндері өтті. Ұлттық құндылықтарымыз бен мәдениетімізді жаһанға таныту үшін Италия, Франция, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Мысыр, Германия, Вьетнам, Корея, Түркия, АҚШ, сияқты алып елдерде шығармашылық топтардың гастрольдері сәтті өтті,-деді министр.

Сонымен қатар, еліміздегі театрларда да бірнеше халықаралық фестивальдарға жақсы нәтиже көрсеткен.

Өзгелердің жаңалығы