Биыл құтқару жасақтары 13 мыңнан астам шақыртуға шыққан

17 Ақпан 2022, 13:01
1677
Бөлісу:
Биыл құтқару жасақтары 13 мыңнан астам шақыртуға шыққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қахарман Оразалин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Биыл құтқару жасақтары 13 мыңнан астам шақыртуға шыққан. Оның 7 мыңнан асамы аса күрделі іздестіру-құтқару жұмыстарына жатады. Яғни, аса күрделі табиғи жағдайда, таулы аймақтарда, адам аяғы бара алмайтын жерлерде, тікұшақ арқылы құтқару және су асты құтқару жұмыстары. Осындай жерлерден 3820 адам құтқарылды және 1249 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 246 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, - деді ол. 

Оразалиннің айтуынша, су тасқыны жағдайы күрделенсе құтқару бөлімшелерінің негізгі күш-құралдары ең бірінші кезекте адамдарды іздестіруге және құтқаруға, дәрігерлер келгенге дейінгі медициналық көмек көрсетуге және қауіпті жерлерден эвакуациялауға бағытталады. 

Төтенше жағдайдың ауқымына және басқа да факторларға байланысты материалдық құндылықтар мен ауыл шаруашылығы жануарларын құтқару, төтенше жағдайлар аймақтарында халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады. Алдағы көктемде су тасқыны жағдайы күрделенетін болса, орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін халықты және аймақтарды тасқын судан қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешені әзірленді, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы