Биыл Қостанай облысында 24 ауылға ауызсу жетеді

3 Мамыр 2023, 22:00
685
Бөлісу:
Биыл Қостанай облысында 24 ауылға ауызсу жетеді
Фото: bugin.kz

Биыл Қостанай облысында 24 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Одан бөлек сегіз елді мекенде суды тазартып, тарататын пункт орнатылады. Жыл аяғына дейін халықты тіршілік нәрімен қамту бойынша, 34 жобаны іске асыру міндеті тұр. Бұған бөлінетін қаржы да қомақты. Былтыр дұрыс игерілмеген қаражаттан кейін Ұзынкөл, Қостанай, Федоров ауданындарындағы бес ауылға ауызсу жетпей қалды. Биыл бұл мәселе ерекше бақылауға алынады.

Бүгінгі күні мамыр айы, бірақ кейбір аудандарда әлі конкурстық рәсімдер өткізілмеген. Міне Лисаков, Қарасу, Федоров та әлі конкурстар бітпеген. 120628 Бұл ситуацияны дұрыстаңдар, уақыт созылып кетті. Сондықтан ертең күзге таман немесе жылдың аяғына таман жұмыс бітпей қалмасын. Енді бұны қарқынды жұмыспен қалпына келтіру керек, - деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Өзгелердің жаңалығы