Биыл Қарағанды облысында 10 жаңа өндіріс іске қосылады

3 Мамыр 2024, 07:13
315
Бөлісу:
Биыл Қарағанды облысында 10 жаңа өндіріс іске қосылады
Фото: gov.kz

Қарағанды облысында биыл 11 жаңа инвестициялық жоба іске қосылды. Өңір бойынша тағы 10 жаңа кейсті іске асыру көзделіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте облыстың экономикалық дамуы туралы экономика басқармасының басшысы Татьяна Аблаева айтып берді.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша экономиканың өсу қарқыны 8,7% құрады. ЖӨӨ құрылымында шамамен 50% өнеркәсіптік өндіріске тиесілі. 11 жаңа инвестициялық жоба іске қосылды. Нәтижесінде 23 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның 21 мыңы тұрақты жұмыс орны. Ағымдағы жылға Мемлекет басшысы жалпы ішкі өнімнің жыл сайын кемінде 6% деңгейінде өсуі жөнінде нақты міндет қойды, – деп хабарлады спикер.

Сондай-ақ биыл АӨК саласында 27 және өнеркәсіпте 10 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Соңғыларының қатарында Шет ауданында катодты мыс, Бұқар Жырау ауданында ферросиликоалюминий, Қарағандыда жел энергетикасы мұнаралары мен темірбетон бұйымдары, жүк автомобильдері, мырышталған металл бұйымдары және Сарандағы болат түзу тігісті құбырлар өндірісі бар.

Бұл кәсіпорындарда 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, облыста тұрғын үйді іске қосу қарқыны жыл басынан бері 20,2%-ға өсті. Бұл 177 мың шаршы метрден асады. 1550 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік алады.

Өңірде шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту жалғасуда. "Кәсіпкер" өңірлік бағдарламасы аясында 100-ден астам жоба субсидияланды және кепілдендірілді. Жыл соңына дейін 5,6 млрд теңгеге 704 шағын несие беру жоспарлануда. 124 ауылдық округті қамти отырып, 1200-ден астам жұмыс орны құрылатын болады. Кәсіпкерлікті қолдаудың Бірыңғай бағдарламасының арқасында биыл 4 мың жоба қаржыландырылады.

Өзгелердің жаңалығы