Биыл Қарағанды облысына 202 млрд теңге инвестиция тартылды – өңір басшысы

23 Маусым 2022, 12:30
1144
Бөлісу:
Биыл Қарағанды облысына 202 млрд теңге инвестиция тартылды – өңір басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. 

Сондай-ақ ол өңірдегі инвестицияға тоқталып өтті. 

Жыл басынан бері облыс экономикасына шамамен 202 млрд теңге инвестицияланды. Оның ішінде, 90%-дан астамы жеке жобалар. Жыл соңына дейін 221,7 млрд теңгеге 12 жоба жүзеге асырылады, 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылады. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақ аумағында оныншы жоба – «Алтын Арна Geosynthetics» геомембрана өндірісі 2,7 млрд теңгеге іске асырылды. Жыл соңына дейін 8,8 млрд теңге сомасына тағы 2 импорт алмастырушы кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр, - деді облыс әкімі. 

Айтуынша, былтыр «Saran» индустриялық аймағы құрылған. 

Онда 128,1 млрд теңге сомасына 1266 жұмыс орнымен 3 жоба іске асырылды. Биыл «Татнефть» компаниясының қатысуымен өңірде KamaTyresKZ шина зауыты іске қосылады деп күтілуде. Жобада 1000-нан астам жұмыс орнын құру көзделген, - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. 

Еске сала кетейік, бұған дейін өңір басшысы Қарағанды облысында 4 айда экспорт 2,3 млрд теңгені құрағанын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы