Биыл Президенттік кадр резервіне екінші іріктеу қалай өтеді?

16 Тамыз 2021, 13:37
886
Бөлісу:
Биыл Президенттік кадр резервіне екінші іріктеу қалай өтеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен «Президенттік жастар кадр резервіне 2-ші іріктеудің басталуы туралы» брифингінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлім етті.

Ол Президенттік жастар кадр резервінің екінші іріктеуі басталғанын айтты. Үміткерлердің өтінімдері 1 қыркүйектен 30 қыркүйек аралығында қабылданады.

Елбасымыз айтқандай, біз осы заман талаптарына сай болуымыз тиіс. Ал біздің жастарымыз еліміздің әлемдік бәсекеге қабілетті болуымыздың негізі. Осыған орай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервіне 2-ші іріктеудің басталуын тапсырған болатын. Оның басты мақсаты - алдағы реформаларды іске асыратын жастарымызға ашық және тиімді әлеуметтік лифт қалыптастыру, - деді Анар Жайылғанова.

Ол қатысушы үміткерлердің негізгі талаптарын еске түсірді.

Резервке 35 жастан аспаған, 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін еркін меңгерген азаматтар қатыса алады. Үміткерлер резервке 3 жыл қабылданады, - деді ол.

Сонымен қатар жаңа іріктеу шеңберінде үміткерлердің мемлекеттік тілді орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде меңгергені туралы сертификаттың болуы туралы талап бар екенін атап өтті.

Биылғы іріктеудің ерекшеліктерінің бірі мемлекеттік тілді білуді растайтын құжат талап етіледі. Олардың мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын казтест немесе «QAZAQ RESMY TEST» сертификаттары болуы шарт. Казтест офлайн форматта өтуді қажет етсе, «QAZAQ RESMY TEST» сынын үміткерлер өзіне ыңғайлы уақытта онлайн тапсыра алады. Ол үшін веб-камерасы және микрофоны бар компьютер болуы тиіс. Сонымен қатар үміткерлер Мемлекеттік басқару академиясында қазақша ресми тестті тапсыруға бағытталған арнайы дайындық курсынан өте алады, - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл.

Өзгелердің жаңалығы