Биыл Петропавл қаласында 60 үйдің ауласына асфальт төселеді

5 Маусым 2021, 14:00
1853
Бөлісу:
Биыл Петропавл қаласында 60 үйдің ауласына асфальт төселеді

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі күні аула ішіндегі аумақты асфальттау кезегінде 127 тұрғын үй кезекте.

Жалпы, аулалардың жағдайын жақсарту, апаттық үйлердің көбейуіне жол бермеу мақсатында тұрғын үйлер қорын жаңарту бағдарламасына қатысуға қалалықтардың өздері мүдделі болуы тиіс. Ол үшін тұрғындарға ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады. Тұрғындар бірауыздан қолдап, келісімін бергеннен кейін ғана, ауланы жаңғырту жұмысы басталады. Ол үшін қажет деген аулаларға кіре беріс жолдарға асфальт төселіп, балаларға арналған ойын алаңдары мен көше тренажерлары орнатылады. Сондай-ақ, ескі ағаштарды отау және сирету жұмыстары жүргізілуі тиіс. 

Бұл жұмыстардың барлығы кезекке сәйкес істелінеді. Барлық ақпарат Петропавл қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланған. Тұрғындар қажетінше таныса алады. Биыл 60 үйдің ауласына асфальт төсейміз, 127-сі кезекте тұр. Тек біз ғана емес, тұрғындардың өздері де белсенділік таныту керек. Абаттандығаннан кейін күтіп ұстау өз міндеттері. Сонымен қоса қаланың көркін қашыратын темір гараждарды алып тастаймыз. Біріншіден олардың көбі заңсыз қойылған. Біразы рұқсат етілмеген қауіпті аймақтарда, яғни жоғары қуатты электржелілеріне жақын орналасқан, - деді Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков. 

Алдымен бұл гараждардың құжаттары мен рұқсаттары тексеріледі. Жалпы, биыл осындай 95 гаражды иелері әкеткен, жыл соңына дейін тағы 420-сын көшіру жоспарланған. 

Қаламызда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі 60 пәтерлік үйдің құрылысы биыл ақпанда басталды. Бірақ, бір өкініштісі қазір жұмысшылар жетіспей жатыр. Қазіргі күні 100 адамды жұмысқа алуға дайынбыз деп отыр. Жалақылары да жақсы, 85 мың теңгеден басталады. Кейбір компаниялар жеңіл-желпі жұмыстардың өзіне адам таппай отыр, - деді қала басшысы. 

Осыған байланысты әкімдік өкілдері студент жастармен кездесті. Оларға жазғы демалыс уақытында маусымдық жұмысқа орналасып, қаражат табуға болатынын жеткізді. Кейбір компаниялар сағатына 650 теңгеден төлеуге әзір. Жалпы, қазір қалада 43 көппәтерлі үй салынып жатыр, оның 18-і коммерциялық.


Өзгелердің жаңалығы