Биыл педагогикалық бағыт бойынша 64 білім беру бағдарламасы реестрден шығарылды – БҒМ

10 Наурыз 2022, 16:04
2896
Бөлісу:
Биыл педагогикалық бағыт бойынша 64 білім беру бағдарламасы реестрден шығарылды – БҒМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев министрліктің аппарат жиналысында педагогикалық білімді дамыту бойынша атқарылып жатқан шаралар барысы туралы айтып берді.

Бүгінгі күні педагогикалық бағыт бойынша реестрге 1 774 білім беру бағдарламасы енгізілген. Білім беру бағдарламаларына ревизия жүргізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сараптама нәтижесінде осы жылы педагогикалық бағыт бойынша 64 білім беру бағдарламасы реестрден шығарылды. Қазіргі уақытта тағы да 20-дан астам ұсыныс түсті, - дейді Тойбаев.

Оның сөзінше, бүгінгі күні педагогикалық қайта даярлаудың 305 бағдарламасы әзірленді. Оларды реестрге енгізу бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге практик мамандардың қатысуын қамтамасыз ету керек. Ол формальды емес, нақты түрде жасалуы керек. Педагогикалық білім беру саласында халықаралық зерттеулерді ескере отырып, жаңа дағдыларға қажеттілікті болжау жасалуы қажет. Кәсіптік және педагогика модульдері пәндерінің бағалау жүйесін жетілдіру керек, - деп атап өтті департамент директоры.

Сонымен қатар түлектердің ұлттық біліктілік тестілеуге міндетті қатысуын көздейтін өзгерістер енгізіліп жатыр. 

32 университет осы бағытта тиісті жұмысты жүргізіп жатыр. Сонымен қатар әлі бірқатар мәселе бар, - деп айтты ол.

Өзгелердің жаңалығы