Биыл Павлодар облысында орман өртінен 13 млн теңгеге жуық шығын келген

10 Шілде 2019, 09:40
2621
Бөлісу:
Биыл Павлодар облысында орман өртінен 13 млн теңгеге жуық шығын келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертіс өңірінде орман өрті 1385 гектар аумақты шарпыған, деп хабарлады pavlodarnews.kz. 

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нариман Жүнісов мәлім етті. 

uytuututt1111111111.jpg

«Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен өңірімізде биылғы өрт қауіптілігі жоғары маусым 12 сәуірден басталатындығы бекітілген. Маусым басталар алдында дайындық тексеріліп «қанағаттанарлықтай» деп баға берілген», - деді инспекция басшысы.

2019 жылдың бірінші жартысында орман өрті бойынша 69 жағдай анықталды. Жалпы көлемі 1385 гектардан астам аумақты қамтыды. Оның 583 гектары – орман жабындысы. Шығын көлемі 13 млн теңгеге жуықтайды. Орман өрті 3 гектардан астам аумақты қамтыса, ол ірі көлемдегі өрт болып саналады. Инспекциямен ірі өрт фактілері бойынша 11 қызметтік тексеру жүргізіліп, нәтижесінде орман қорғау ұйымдарының 13 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 

«Өрттің басым бөлігі, яғни 44 факт «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында тіркелген. Баянауылда 5 жағдай тіркелді. Өрттің шығу себебінің басым бөлігі найзағай түсуге байланысты. 39 жағдайда найзағай түсуінен тұтанған. Кейбір орындарға найзағай түссе, ол 1-2 күн тұрып жануы мүмкін. Сондай-ақ өңір тұрғындары мен қонақтарына жол жүру кезінде өрт қаупін тудырмауды сұраймыз. Өйткені, жол шетіне лақтырған темекі тұқылының өзі тілсіз жаудың тұтануына себепкер болады», - деді инспекция басшысы. 

Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Қайрат Әбілбаев 2 орман өртіне тұрғындар кінәлі болғанын айтты. 

opopiopipi99999999.jpg

«Бірінші Шарбақты ауданында «Тайлақ» шаруа қожалығы өз алқабын өртеген кезде апат орын алған. Алайда, олар жағдайды бақылаудан шығарып алған. Нәтижесінде, өрт мемлекеттік орман қорына жалғасқан. Олар сөндіріп үлгермеген. Сәл ертерек хабарлағанда тоқтатуға болушы еді. Бұл іс бойынша материал қаралуда. Екінші Тереңкөл ауданында шаруа қожалық азаматы алқапты өртеген кезде жалын мемлекеттік орман қорына жеткен. Азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 29200 теңге айыппұл салынды», - деді Қайрат Әбілбаев. 

Айта кетейік, Павлодар облысындағы орман қорғау ұйымдарында 40 өрт машинасы, 30 шағын өрт машинасы, 59 өрт тракторы, 30 өрт бақылау мұнарасы бар. Сондай-ақ «МИ-2» және «БО-105» тікұшақтарымен бақылау жасалады.

Өзгелердің жаңалығы