Биыл Павлодар облысында 45 жұмыс орны ашылады

4 Маусым 2019, 20:13
1640
Бөлісу:
Биыл Павлодар облысында 45 жұмыс орны ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл өңірде 55,4 млрд теңгеге үш жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде 45 жұмыс орны ашылады. Бұл турары pavlodarnews.kz сайты хабарлады.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғанибет Әубәкіров мәлім етті.

«Павлодар өзен порты» АҚ құмды блок өндірісін іске қосуды көздеп отыр. Инвестиция көлемі – 9 млн теңге. Жұмыс орнының саны – 6. «Богатырь-Инвест» ЖШС 200 млн теңге инвестицияға темір-бетонды өнімдер шығарады. Бұл жерде 30 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Үшінші жоба – «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның № 5 энергия блогын қайта құруы. Инвестиция көлемі – 55 млрд теңге, тоғыз жұмыс орны ашылады», - дейді Ғанибет Әубәкіров.

Бұдан басқа, 2023 жылға дейінгі кезеңде іске асыру туралы шешім қабылданған және пысықталудың әртүрлі сатысында тұрған жобалар бар. Оның ішінде қоспалы болат және титан диоксиді өндірісі бойынша инвестиция көлемі 2,6 млрд теңгені құрайтын TenirLogistic тау-химия-металлургиялық кешенін атап өтуге болады. Инвестициялар туралы келісімге 2018 жылдың маусым айында ҚХР-ға жасалған сапар барысында қол қойылған. Қазіргі уақытта тараптардың міндеттемелерін және жобаны іске асыру шеңберінде қаржыландыру тетігін келісу рәсімдері жалғасуда.

Сондай-ақ, инвестиция көлемі 32 млрд теңге «ПМХЗ» ЖШС-де техникалық газ өндірісін аутсорсингке шығару, инвестиция көлемі 3 млрд теңге шегірткемен күресу үшін препараттар және глифосаттар өндіру, «АгроХимПрогресс» ЖШС және «Компания Нефтехим» ЛТД сұйытылған көмірсутекті газдарды алу кешені жоспарланған. Айта кетерлігі, соңғы төрт жыл ішінде ИИДМБ-ның екінші бесжылдығында 713 млрд теңге сомасына 27 жоба іске қосылып, 4 мыңға жуық (3981) жұмыс орны құрылған.

Өзгелердің жаңалығы