Биыл Павлодар мектептеріне 560 жаңа компьютер сатып алынады

13 Қыркүйек 2020, 01:12
1683
Бөлісу:
Биыл Павлодар мектептеріне 560 жаңа компьютер сатып алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаладағы барлық мектептер 60 мб/сек дейінгі жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. Бұл туралы қалалық білім беру бөлімі мәлім етті.

Бөлім мемлекеттік білім беру саясатына сәйкес барлық деңгейде сапалы өзгерістерге бағытталған міндеттерді кезең-кезеңмен шешуді жалғастыруда. Отандық білім беруді жаңарту және жаңғырту жағдайында цифрландыру проблемаларының өзектілігі қашықтықтан оқыту кезеңінде ерекше байқалды. Цифрландыру жобаларын сәтті іске асыру үшін қаланың барлық жалпы білім беретін мектептері 60 мб/сек дейін жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. 2020 жылы 560 жаңа компьютер сатып алу санының көрсеткіші 1 компьютерге 6,6 оқушыға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, - деді білім бері бөлімінде.
Білім алушылар контингентінің өсуіне байланысты 1 ПК-ге оқушылар санының өсуі артады. Облыстық 5,2 көрсеткішке қол жеткізу үшін қалалық мектептерге 3345 компьютер сатып алу қажет.
10 тамыздан бастап оқушыларға компьютерлік техниканы жауапты сақтауға беру басталды. Қазіргі уақытта 5374 компьютр берілді, - деді білім беру бөлімінде.

Сонымен қатар, қала мектептері қашықтықтан оқыту ұйымдастырылған интернет платформаларды анықтады. Олар: «Білім land», «Күнделік», «Онлайн мектеп» электрондық журналы. Онлайн мектеп білім беру контентін қосу үшін облыстық бюджеттен 7,3 млн теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді.



Өзгелердің жаңалығы