Биыл мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауға қазынадан 600 млрд теңге бөлінді

5 Шілде 2022, 11:53
1195
Бөлісу:
Биыл мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауға қазынадан 600 млрд теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.  

Сондай-ақ ол мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдаудың кешенді жүйесі бойынша атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды. 

Әлеуметтік қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесі жұмыс істеуде. Бүгінде осы үш көзден берілетін жиынтық төлемді 530 мыңға жуық адам алып отыр. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі асында 87 мың адамға мемлекеттің кепілдірілген арнайы әлеуметтік қызметі көрсетілуде. Техникалық құралдармен  181 мың  адам қамтамасыз етілді. 4 мыңға жуық  мүгедектігі бар азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек қарастырылды, - деп атап өтті ведомство басшысы.  

Айтуынша, аталған бағдарламалардың іске асырылуына қазынадан қомақты қаражат бөлінген. 

Жалпы осы бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен биыл 600 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Қол жеткізілген мүмкіндіктер Үкіметтің, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен қызметінің нәтижесі. Алайда басталған реформаны әлі де тереңдете түсуді қажет ететін бірқатар жаңа проблемалар мен шешімін таппаған мәселелер де бар. Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік қызметкерлер институтын толық  қалыптастыру және жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік қызметтеріне ребрендинг жасау керек. Сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің балама үлгілерінің аясын кеңейту, цифрлық технологияларды енгізу және елді дамытуға мүгедектігі бар адамдардың әлеуетін де пайдалану үшін оларды оңалту жүйесін жақсарту қажет, - деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін ведомство басшысы елімізде мүгедектігі бар 100 мың адам жұмыс істейтіні туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы