Биыл мотокеруен Ақтаудан басталды

27 Мамыр 2023, 16:35
546
Бөлісу:
Биыл мотокеруен Ақтаудан басталды
Фото: Маңғыстау облысы ҚКО

«Менің елім – 2023» ұлттық мотожарыс қатысушылары Қазақстанды аралауға Ақтаудан аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ өңірдің қоғамдық байланыс орталығына сілтеме жасап.

Мотоцикл жарысы аясында Атырауға жеті байкер кетті. Оларды Орал-Ақтөбе-Шымкент-Алматы-Өскемен-Астана-Көкшетау-Петропавл-Қостанай бағдары күтіп тұр. Мотокеруенді 15 маусым Ақтауда аяқтау жоспарланып отыр.

Облыстық «Wheels Brothers MC Aqtau» мотоцикл клубының президенті Марат Асановтың айтуынша, мотоцикл жарысының басты мақсаты – қазақстандықтардың автоспортқа деген қызығушылығын арттыру, бірлік пен ынтымаққа шақыру.

Биыл мотокеруен Ақтаудан басталды

Автоспорт осындай жарыс арқасында танымал болып келеді. Өткен жылы топта үш байкер болса, биыл жетеу. Алдын ала жасалған жоспар бойынша бірқатар қалаларды аралаймыз. Мотоспорт жастарға үлкен мүмкіндіктер береді. Спортпен саяхаттау, ой-өрісін кеңейту қолжетімді болады, – деді Марат Асанов.

Жыл сайын 10 мың шақырым жол жүретін мотоцикл керуені алғаш рет Ақтаудан басталды. Бұған дейін ол Атырау облысынан тоғыз рет сапарға шыққан.

Ақтаулық мотоциклшілерге Қазақстанның әртүрлі қалаларынан қатысушылар қосылатынын айта кетейік.

Өзгелердің жаңалығы