Биыл мемлекет егістік жұмыстарына 2 есе көп қаржы бөліп отыр – Смайылов

10 Наурыз 2022, 09:58
1451
Бөлісу:
Биыл мемлекет егістік жұмыстарына 2 есе көп қаржы бөліп отыр – Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты. 

Сондай-ақ Азық-түлік келісімшарт корпорациясы форвардтық сатып алуға арналған қаражатты 80 млрд теңгеге дейін ұлғайтты. Республикалық бюджеттен науқандық жұмыстарға тағы 70 млрд теңге бөлінеді. Яғни, мемлекет биыл егістік және оны жинау жұмыстарына өткен жылға қарағанда 2 есе көп - барлығы  220 млрд теңгеден астам қаржы бөліп отыр, - деді ол. 

Смайылов атағандай, тыңайтқыштар мен пестицидтерді сатып алу құнының 50%-ін субсидиялау әрі қарай жалғасады. 

Тұқым сатып алу, қайта өңдеуге тапсырылатын дақылдар өндіру, су беру бойынша көрсетілетін қызмет құнын субсидиялау да былтырғы шамада сақталатын болады.Техникаларды жаңарту үшін инвестициялық, сондай-ақ кредиттер мен лизингтердің пайыздық ставкасын субсидиялау көлемі ұлғаяды. Фермерлер алдымен сұранысы жоғары дәнді-дақылдардың егістік алқаптарын ұлғайтуы тиіс.  Бұл ретте өнімді көп беретін және экспортқа шығатын дақылдарды егуге  айрықша көңіл бөлу керек, - деді ол. 

Премьер атап өткендей, оған қол жеткізу үшін агротехнологиялық талаптарды қатаң сақтаудың, тыңайтқыштарды уақытында қолданудың маңызы өте зор. 

Қорыта айтқанда Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдер көктемгі егіс науқанын ерекше бақылауда ұстауы керек, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы