Биыл Маңғыстауға 55 мың турист келген

30 Маусым 2022, 11:33
1243
Бөлісу:
Биыл Маңғыстауға 55 мың турист келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. 

Айтуынша, қазіргі экономикалық үрдіс азаматтардың ішкі туризмге деген қызығушылығын арттырып отыр. 

Биыл 1-тоқсанда салада көрсетілген қызметтер көлемі 1,2 млрд теңгені құрап,  20%-ға өсті және өңірге шетелдер мен ел аймақтарынан 55 мыңға тарта турист келіп, келушілер саны 4%-ға артты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкіметтің қолдауымен Ақтау қаласының іргесіндегі жылы жағажайды инфрақұрылыммен қамту жобалары жалғасуда, - деп атап өтті өңір басшысы. 

Сонымен қатар әкім курорттық аймақты дамытудың 2-кезеңінде 4 ірі инвестициялық жоба және жергілікті инвесторлар арқылы  2 жоба іске асырылып жатқанын алға тартты. 

Нәтижесінде 102 млрд теңгеден астам инвестиция тарту арқылы 350-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Бұл жобалардың барлығы біздің өңір экономикасының дамуына мультипликативті оң серпін береді, - деді Нұрлан Ноғаев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін облыс әкімі Ақтауда шілдеде 12 жолаушы автобусы пайдалануға берілетіні туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы