Биыл мәдениет саласындағы арнаулы мектептер мен колледж қызметкерлерінің жалақысы өсті – Абаев

16 Ақпан 2022, 13:01
1388
Бөлісу:
Биыл мәдениет саласындағы арнаулы мектептер мен колледж қызметкерлерінің жалақысы өсті – Абаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Мәдениет және спорт министрлігінің алқалы отырысында хабарлады. 

Оның айтуынша, мәдениет, спорт және туризм салаларының әрқайсысында жіті назар аударып, талдайтын мәселелер жетерлік.

Министрлік былтыр мәдениет және архив ісі салалары бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мәдениет саласындағы арнаулы мектептер мен колледж қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға өсті. Мемлекет алғаш рет шығармашылық үйірмелерін жан басына шаққандағы қаржыландыру институтын енгізді. Соның арқасында өткен жылы 133 мыңнан астам бала сурет, би, музыка және басқа да үйірмелерге тегін қатысты, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сондай-ақ министр қолданыстағы «Мәдениет туралы» және «Кинематография туралы» заңдарға өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын алға тартты

Еліміздің барлық өңірінде 89 мәдениет нысанының құрылысы аяқталып, 263 мәдениет нысаны жөнделді, - деді Дәурен Абаев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев аталған киностудияға өз фильмдерін түсіру үшін қаражат жетпейтінін айтқан болатын.  

Өзгелердің жаңалығы