Биыл қуаңшылық болуы мүмкін

30 Наурыз 2021, 12:55
3092
Бөлісу:
Биыл қуаңшылық болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің басқарма басшысы Медет Жәдігерұлы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Былтыр вегетация кезеңінде бірқатар қиыншылық туындағаны белгілі. Биыл да су аз болуы мүмкін деген болжам бар. Осыған байланысты қауіптің алдын алу мақсатында биылғы ақпанда Экология министрлігінің бастауымен оңтүстік өңірде жиналыстар өткізілді. Оның қорытындысы бойынша су шаруашылығы ұйымдарына биылғы суару кезеңіне дайындықты мамырға дейін аяқтау тапсырылды. Вегетация кезеңінде суару кестесін қатаң сақтау мен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне суды көп қажет ететін дақылдар алаңын қысқарту бойынша тапсырма берілді, - деді ол. 
Биыл қуаңшылық болуы мүмкін

Жәдігерұлы айтқандай, Экология министрлігі су қоймаларына су жинауды тапсырған. 

Алдағы вегетация кезеңіне жоспарлар құрылды. Қуаңшылықтың болуына тағы бір дәлелі ретінде көршілес елдердегі су қоймаларындағы су көлемі былтырғы деңгейден аз екенін айтуға болады, - деді АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің басқарма басшысы.

Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының суармалы жерлер көлемін 3 млн-ға ұлғайту бойынша жүзеге асырылып жатқан тапсырмалар туралы айтты. 

АШМ облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жаңа жер көлемдерін анықтау мен оларды пайдалану бойынша суармалы жерлерді жасақтайтын инвесторлар тізімін анықтауды жүзеге асырып жатыр, - деді Жәдігерұлы.

Өзгелердің жаңалығы