Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев «Қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен әлеуеті» тақырыбында өткен дөңгелек үстел кулуарында айтты.
Пандемия кезінде біздің елдер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас үзілмеді. Дер кезінде қабылданған шаралар пандемияның салдарын жеңілдетті. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, біздің елдер арасындағы тауар айналымы 9,2 пайызға ғана төмендеген. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Бүгінгі таңда 10 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 3,1 млрд долларды құрады. Біз 2019 жылғы, яғни пандемияға дейінгі қарқынды орнына келтірдік, – деді Саидикрам Ниязходжаев.
Елші атағандай, қазір экономикалық салада, көлік-логистика саласында ынтымақтастық жүзеге асырылып жатыр.
Өзбекстан Қазақстанның көліктік әлеуетін пайдаланады. Өзбекстанның импорт-экспорт көлемі Қазақстан шекарасы арқылы өтеді. Біз «Құрық», «Ақтау» порттары мен құрғақ «Қорғас» көлік дәлізін пайдаланамыз. Бүгінгі таңда Өзбекстан мен Қазақстанда инвестиция тартуға барлық жағдай жасалған, – деді ол.
Оның айтуынша, автомобиль өнімдерін дайындау мен жеңіл өнеркәсіп саласы да дамып жатыр.
Қазір Қазақстан шекарасында текстиль өндіруді қарқындылату жұмысы жүзеге асырылып жатыр. Түркістанда ашылған текстиль өндіретін кәсіпорында 400 адам жұмыс істейді. Бұл бір ғана өндіріс ошағы, егер барлық кәсіпорынды алсақ, мыңдаған жаңа жұмыс ашылғанын көруге болады, – деді ол.
Оқи отырыңыз: