Биыл халық санағы жаңа тәртіп бойынша өтеді

2 Ақпан 2021, 10:48
4770
Бөлісу:
Биыл халық санағы жаңа тәртіп бойынша өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  29 қаңтарда реформалау жөніндегі Жоғарғы кеңестің отырысында айтқан Президенттің тапсырмасын орындау туралы өткен Үкімет отырысында Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Келімбетов айтты. 

ҚР Президенті жанындағы реформалау жөніндегі Жоғарғы кеңестің тапсырмасы бойынша биылғы Ұлттық санақ жаңа технологиялардың енгізілуі мен автоматтандыру процесін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Енді халықтың санағы екі әдіс бойынша жүзеге асырылады.  Біріншісі мамандандырылған  https://sanaq.gov.kz/  сайты арқылы жүзеге асырылады. Оның көмегі бойынша респонденттер қай жерде екеніне қарамастан дербес өзі және отбасы туралы мәліметтерді енгізе алады, - деді ол. 
Келімбетов айтқандай, екінші әдіс бойынша онлайн өтпеген азаматтар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау арқылы жүзеге асырылады. 
Бұл шараларды қазан айында жүргізу жоспарланып отыр. Жаңашылдық кіреберісте электронды планшеттерді қолдану болып отыр. Олар мектептерге сәйкес өңірлерде тапсырылады. Бұл үрдіс 1-30 қазан аралығында жүзеге асырылады, - деді ол. 
Ол айтқандай, ұлттық санақты жүргізу бойынша арнайы комиссия құру ұсынылып отыр. 
Оны премьер-министрдің бірінші орынбасары  Әлихан Смайылов басқарады. Комиссияның алғашқы отырысын 10 ақпанда өткізу ұсынылды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы