Биыл елорда аумағына 1 млн жасыл желек отырғызылды

20 Қараша 2023, 15:50
630
Бөлісу:
Биыл елорда аумағына 1 млн жасыл желек отырғызылды
Фото: BAQ.KZ - Архив

Елордада жаңа қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды салу бойынша ауқымды жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы мәліметінше, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биыл 165-тен астам аула мен қоғамдық кеңістік салынды. Оның 2-уі 200 гектарлық саябақ, 10-ы алаң, 33-і қоғамдық кеңістік және 120-сы аулалар.

Сонымен қатар, биыл елорда аумағына 1 млн жасыл желек отырғызылды. Оның 528 данасы қала ішіне, ал 456 591 данасы «жасыл белдеуге» егілді.

Бұдан басқа, көгалдандыру жұмыстары жүргізілмеген тұрғын үй кешендері анықталды. Жасыл желекті аумақтарды ұлғайту мақсатында дендрологиялық жоспарлар қайта қаралды, - делінген басқарма ұсынған ақпаратта.

Бұдан бұрын елорда әкімдігі мен қалалық урбанистика орталығы бірлесе әзірлеп жатқан Астананы көгалдандыру Жарғысы бойынша тұрғын үй кешендері, өнеркәсіптік және коммерциялық нысандар, сауда және бизнес орталықтарына сапалы көгалдандыру және көгалдандыру мәселелеріне ерекше назар аударылғаны туралы айтылған болатын. Мысалы, биыл құрылыс салушылар тарапынан жасыл желектерді отырғызу 2,5 есеге ұлғайды. Нәтижесінде қала бойынша 100 000-нан астам жасыл желек отырғызылды. Ол қаланы көгалдандыруға тек құрылыс салушылар ғана емес, сол сияқты өнеркәсіптік және коммерциялық нысандардың, тұрғын үй кешендерінің, сауда және бизнес-орталықтардың және т.б. өкілдері де жұмылдырылатын болады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта елорданың бір тұрғыны үшін көгалдандыру алаңы 14 шаршы метрді құраса, оны бірнеше жыл ішінде 19 шаршы метрге дейін арттыру көзделіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы