Биыл елдегі ғалымдардың жалақысы 2 есе өсті

12 Желтоқсан 2022, 12:33
991
Бөлісу:
Биыл елдегі ғалымдардың жалақысы 2 есе өсті

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін елордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, Үкімет тарапынан ғылым саласына да ерекше көңіл бөлініп отыр.

Ғылымның дамуына серпін беру үшін тиісті 5 жылдық ұлттық тұжырымдамасы қабылданды. Биыл ғалымдардың жалақысы 2 есеге ұлғайтылды. Жас ғалымдарды қолдау және ынталандыру үшін 1000-нан астам грант бөлінді, 400-ден астам ғалым әлемдік ғылыми орталықтарға стажировкаға жіберілді. 3 жетекші шетелдік зерттеу жоғары оқу орындарының филиалдары ашылды, - деп атап өтті Үкімет басшысы. 

Айтуынша, тағы 2 филиалдың ашылуы пысықталып жатыр. 

Келесі жылы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы әзірленеді.Білім беру саласында жыл басынан бері 34 мың орындық 325 балабақша ашылды. 3 жастан 6 жасқа дейінгі қамту 98%-ті құрады. Үш ауысымды және апатты мектептерді жою үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бекітілді. Биыл 106 мың орындық 201 мектеп ашылды. 2026 жылға дейін 842 мың оқушы орнына арналған 400-ден астам жаңа мектеп ашылады, - деді Әлихан Смайылов. 

бСонымен қатар Бүгінгі таңда 410 колледж 500-ге жуық кәсіпорынға мердігерлікке берілген. Ал 2025 жылға қарай колледж оқушыларының 100%-і тегін кәсіптік біліммен қамтылады.

Өзгелердің жаңалығы