Биыл Екібастұз елді мекендерінің 92% сапалы ауызсумен қамтылады

10 Ақпан 2020, 20:43
2161
Бөлісу:
Биыл Екібастұз елді мекендерінің 92% сапалы ауызсумен қамтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Екібастұз аймағындағы 28 ауылдың 15-сі орталықтандырылған су желілерімен қамтылған, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Екібастұз қаласы әкімінің айтуынша, қалған 6 ауыл тұрғындары суды кешенді блок-модульден, тағы алтауы жергілікті су қоймаларынан алса, енді бір ауылға ауыз су көлікпен жеткізіледі.
2019 жылы Құлакөл, Қарасор, Байет ауылдарында су құбырлары салынды. Тай, Аққөл, Бесқауға, Құдайкөл ауылдарында құрылыс жұмыстары басталды. Бұл ауылдардағы жұмыстар биыл аяқталады, - деді Екібастұз қаласының әкімі Ержан Иманзайыпов.

Оған қоса, 2020 жылы жалпы сомасы 700 млн теңгеге Сарықамыс және Зеленая роща ауылдарында су құбырлары салынады. Сонымен қатар, Ақши, Көксиыр, Мыңтамыр және 3-бөлімше ауылдарында кешенді блок-модуль құрылысы жоспарлануда. Ержан Иманзайыповтың айтуынша, нәтижесінде биыл Екібастұз аймағында таза ауыз суға тұрғындардың 92% қол жеткізеді.

Бұл санды 100%-ға жеткізу мақсатында 2021-2022 жылдары Төрт құдық пен Әлкей Марғұлан ауылдарында су құбырларын салу көзделуде. 


Өзгелердің жаңалығы