Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Қазақстанда және шетелде діни білім алу перспективалары туралы «Литер» газетіне берген сұхбатында айтты.
Қазіргі уақытта көптеген жастар діни білім іздеп шетелге кетіп жатыр. Олардың көпшілігі министрлік бекіткен теологиялық оқу орындарына барғанына қарамастан, шетелден оралған студенттердің Қазақстан қоғамына жат діни идеяларды, соның ішінде радикалды және деструктивті идеяларды тарату көзі болу қаупі бар.Комитет төрағасының сөзінше, мемлекет пен діни бірлестіктердің маңызды міндеттерінің бірі - елімізде рухани білім беру жүйесі сапасын арттыру.
Жастардың шетелде теологиялық білім қуып кетуін азайту мақсатында Қазақстанда жоғары білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалды. Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қазақстандық студенттерге білім гранттарын бөлді. Дін саласындағы кадрларды даярлау «Исламтану», «Дінтану» және «Теология» мамандықтары бойынша жүзеге асырылады. 2020-2021 оқу жылына осы мамандықтар бойынша 385 мемлекеттік білім гранты бөлінді, - деді ол.
Мемлекет студенттердің таңдау еркіндігін құрметтейді және шетелде теологиялық білім алғысы келетіндерге ешқандай шектеу қоймайды.
Біз кейбір шетелдік оқу орындарында қазақстандық қоғамның негіздеріне қайшы келетін деструктивті және радикалды діни идеяларды насихаттау қаупі бар екенін түсінеміз. Олардың отандық дін саласындағы болашақ маман ретіндегі көзқарастары студенттеріміздің шетелде сіңіретін біліміне байланысты болады. Ал бұл республикадағы діни ахуалдың жалпы жағдайын көрсетеді. Сондықтан біз халықтың саналы түрде таңдау жасауына мүмкіндік беру үшін діни білім туралы дұрыс ақпарат беруде үлкен жауапкершілікті сезінеміз. Комитет интернет желілерінде, БАҚ-та ақпараттық және түсіндірме материалдарды, сондай-ақ Қазақстанда және шетелде діни білім алу перспективаларын түсіндіру мақсатында телеарналарда сұхбаттар жариялануда, - деді Ержан Нүкежанов.
Сонымен қатар, комитет Білім және ғылым министрлігі, ҚМДБ және мамандандырылған жоғары оқу орындарының өкілдерінен діни білім беруді жетілдірудің бірыңғай әдістері мен тәсілдерін әзірлеу үшін жұмыс тобын құрды.