Биыл дағдарыс орталықтарына 2700-ден астам әйел жіберілген – Оспанов

21 Сәуір 2022, 14:53
1395
Бөлісу:
Биыл дағдарыс орталықтарына 2700-ден астам әйел жіберілген – Оспанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Бүгінде 49-ға жуық дағдарыс орталығы зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсетеді. Олардың 39-ында баспана бар. Тек биылдан бастап полиция қызметкерлері өмірлік қиын жағдайға түскен 2700-ден астам әйелді бағыттады. Оның ішінде 716-сы баспанаға анықталды. Сонымен қатар әйел мен бала құрбан болған істерді тергеу үшін тергеушілер маманданды, - деді ол. 

Оспановтың айтуынша, полиция департаменттерінде  тұрақты жұмыс істейтін тергеу топтары құрылды.

Оның ішінде 280 тергеуші әйел. Әйел жәбірленуші тергеуші әйелге көбірек сенім артады. Осылайша, зорлық-зомбылық саласындағы істердің де тиімділігі арта түспек, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы