Биыл Балқашта 30 үй жөнделеді

14 Сәуір 2023, 19:14
906
Бөлісу:
Биыл Балқашта 30 үй жөнделеді
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінен

Балқаш қаласының "Қоңырат" шағын ауданында 10 көппәтерлі тұрғын үйдің шатырларын жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанда облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылы барлығы 30 үйді жөндеу жоспарланып отыр.

Жөндеу жұмыстары барысында ескі толқынды асбестцементті жабындарды бөлшектеу, профильді мырышталған жабындардан, су төгетін жүйелерден құралған жаңа шатыр жабындарын монтаждау, шатырларды құрылыс қоқыстарынан тазарту жүргізіледі. Перхлорвинил және майлы бояу жұмыстары жүргізіледі, бу тосқауылдары да ескеріледі.

Бүгінгі таңда жалпы жұмыс көлемінің 20 % орындалды. Жөндеу жұмыстары осы жылдың мамыр айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Үш үйдің қасбеттері боялады. Тағы 17-сінде қасбеттер мен шатырларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, – деді Балқаштың ТКШ, ЖМ және АД бөлімінің абаттандыру және коммуналдық шаруашылық секторының меңгерушісі Жанали Шпекбаев.

Өзгелердің жаңалығы