Биыл автожол салуға қазынадан 601 млрд теңге бөлінді

17 Мамыр 2022, 11:46
1959
Бөлісу:
Биыл автожол салуға қазынадан 601 млрд теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. 

Биыл автожол саласындағы жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен 601 миллиард теңге бөлінді. Жалпы пайдаланымдағы автожолдардың 11 мың 500 шақырымында құрылыс, реконструкция және жөндеу жүргізілуде. Оның ішінде республикалық желінің 7,3 мыңшақырымында жұмыстар жүргізілуде, соның 4,3 мың шақырымында құрылыс және реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі, нәтижесінде 1,6 мың шақырымын пайдалануға беру жоспарланған. Ал 1,4 мың шақырымында қозғалыс ашу көзделген, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сонымен қатар министр қанша шақырым жолдың жөнделетініне тоқталып өтті. 

Күрделі және орташа жөндеумен шамамен 3 мың шақырым жол қамтылды, соның ішінде 800 шақырымнан астамы пайдалануға беріледі. Жергілікті желіде жөндеудің барлық түрлерімен 4,2 мың шақырым жол қамтылған, жыл соңына дейін жол жұмыстрын 2,6 мың шақырымында аяқтау жоспарланып отыр. 2,5 мың шақырым автожолда ақылылық жүйесі іске қосылады. Жылдың соңына қарай жол жұмыстарын 1 мың 600 шақырымын аяқтау жоспарлануда. 1 мың 400 шақырымда қозғалыс ашу көзделген, - деді Қайырбек Өскенбаев. 

Өзгелердің жаңалығы