Биыл автомобиль жолдары саласындағы 350 жоба іске асырылады

22 Сәуір 2020, 11:15
1174
Бөлісу:
Биыл автомобиль жолдары саласындағы 350 жоба іске асырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қазақстан өңірлерінде автомобиль жолдары саласындағы 350 жоба іске асырылады, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Автомобиль жолдары саласының алдында тұрған басымдықты міндеттердің бірі – қазақстандықтарды "үйге дейінгі сапалы жолмен" қамтамасыз ету. 2020 жылы автомобиль жолдарының 4 мың шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Бұл ретте ел өңірлерінде 350 жоба іске асырылып, жөндеу жұмыстарына 30,5 мың адам жұмылдырылады, – делінген хабарламада. 

Еске салайық, жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы 70, 9 мың шақырымды құрайды.

2025 жылға дейін елімізде жергілікті жолдардың 27 мың шақырымы жөнделеді деп жоспарлануда. Бұл өз кезегінде жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 95% дейін жеткізуге мүмкіндік береді. 
Өзгелердің жаңалығы