Биыл ауылдарды дамытуға қанша қаржы жұмсалады?

25 Сәуір 2022, 11:02
1637
Бөлісу:
Биыл ауылдарды дамытуға қанша қаржы жұмсалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2022 жылы даму әлеуеті бар 492 ауылда 914 жобаны іске асыруға 100 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі​ Әлібек Қуантыров баяндады.

2022 жылы даму әлеуеті бар 492 ауылда 914 жобаны іске асыруға 100 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 95 жобаны, 313 әлеуметтік инфрақұрылымды, оның ішінде 123 білім беру жобасын, 51 денсаулық, 62 мәдениет және 77 спорт жобасын іске асыруға мүмкіндік береді, - деп айтты Қуантыров.

Сонымен қатар 506 көлік инфрақұрылымы жобасы жүргізіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауыл – Ел бесігі» батыс және оңтүстік облыстарға халықты әлеуметтік-мәдени, спорт және білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін 20 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланып отыр. Бөлінетін қаражат – мектептер, ауруханалар, мәдениет үйлері, спорт нысандарын салу, қайта жаңғырту және жөндеу бойынша жобалар таңдалды. Қаражат бөлу мәселесі 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау аясында Мәжілісте қаралып қазіргі уақытта Парламенттің қарауында, - деп түсіндірді Ұлттық экономика министрі.

Оның сөзінше, инфрақұрылымдық даму жөніндегі іс-шараларды іске асыру Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады. 

Қазіргі уақытта, Өңірлік стандарттарда ауылдар үшін 12 көрсеткіш (объектілер/қызметтер)  қарастырылған, ауылдық округтер орталықтарына - 24, аудан орталықтарына – 32. 2021 жылдың қорытындысы бойынша өңірлік нормативтерге сәйкес ауылдарды стандарттардың орташа қамтамасыз ету 64,1%. Оның ең жоғары көрсеткіші Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Төмен көрсеткіштер Қызылорда, БҚО, Алматы облысында байқалады, - дейді ол.

Айтуынша, жобаны жүзеге асырудың үш жылы ішінде 206 млрд теңге бөлінді. Алдағы 4 жылда ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымдық мәселелерін шешуге тағы 670 млрд теңге қажет етіледі. Бұл 3,5 мыңнан астам ауылдағы 7 млн ауыл тұрғынының өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы