Биыл "Ауыл – ел бесігі" жобасын қаржыландыру 3 есеге өсті

8 Маусым 2020, 12:18
2098
Бөлісу:
Биыл "Ауыл – ел бесігі" жобасын қаржыландыру 3 есеге өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында 98 млрд теңгенің 920 жобасы жүзеге асырылады. Бұл туралы халыққа есеп беру кезінде ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов хабарлады. 


Өңірлерді бірдей дамыту - маңызды міндет. Өңірлік дамудағы негізгі екпін тірек ауылдарға жасалады. Бұл - "Ауыл – ел бесігі"  және "Дипломмен ауылға" жобалары. Тірек ауылдар ұзақмерзімді әлеуетіне қарай анықталады. Сондай-ақ моно, шағын қалаларды дамыту бойынша жобалар жүзеге асырылып жатыр, - деді министр.
Дәленов Елбасының бастамасымен 2019 жылдан бастап "Ауыл-ел бесігі" жобасы жүзеге асырылып жатқанын еске салды. 
Ол ауылдағы өмір сапасын жақсартуға, ауыл аймақтардың құрылысы мен инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Жобаның басты мақсаты – ауылдарды өңірлік стандарттарға жеткізу. 2020 жылы жобаны қаржыландыру 3 есеге артып, қамтылатын ауылдар 4 есеге кеңейтілді. Бұл "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша 98 млрд теңгенің 920 жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған жұмыстар 216 ауылды қамтиды, - деді ол. 

Министр сондай-ақ 2027 жылдың соңына дейін қажетті іс-шаралар 3561 ауылда жүзеге асырылатынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы