Биыл әскери кафедраны аяқтағандар 2 жылға әскерге шақырылады

2 Наурыз 2023, 12:08
898
Бөлісу:
Биыл әскери кафедраны аяқтағандар 2 жылға әскерге шақырылады
Фото: Қорғаныс министрлігі

Әскери кафедраны биыл аяқтағандар екі жылға әскери қызметке шақырылады. Бұл туралы Қарулы күштердің Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Бауыржан Артықов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл жоғары оқу орындарында «лейтенант» атағын алатын студенттер де бұдан хабардар. Өйткені біз жоғары оқу орындарымен тығыз байланыстамыз. Олар Отан алдындағы борышын 2 жыл өтейді. Білім ордасында әскери кафедраны аяқтаған соң студент нақты мамандық алып шығады, сол арқылы біз күштік құрылымдарды толықтырамыз, – деді полковник.

Өзгелердің жаңалығы