Биыл алматылық оқушылар 22 халықаралық олимпиадаға қатысқан

22 Желтоқсан 2023, 13:58
517
Бөлісу:
Биыл алматылық оқушылар 22 халықаралық олимпиадаға қатысқан
PHOTO
Фото: автордан

Биыл Алматы қаласының 276 оқушысы 22 халықаралық олимпиадалар мен конкурстарға қатысқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Алматы қаласының Білім басқармасы алматылық оқушылардың 2023 жылғы интеллектуалдық олимпиадалардағы қорытындыларын жариялады. Биыл жыл ішінде Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау орталығы 200-ден астам зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми, шығармашылық конкурстар ұйымдастырған. Жалпы конкурстарға 200 мыңнан астам оқушы қатысты. 

Оның ішінде, ішкі іріктеуде үздік болған Алматы қаласының 276 оқушысы 22 халықаралық олимпиадалар мен конкурстарға қатысып, 99 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Ал 383 оқушы 17 республикалық олимпиадалар мен конкурстарға қатысып, 221 оқушы үздік нәтиже көрсетті. 

Биыл алматылық оқушылар 22 халықаралық олимпиадаға қатысқан

Алматы қалалық Білім басқармасы дарынды балаларды тәрбиелеуге, оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін ашып, дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Қаламыздың дарынды оқушылары республикалық олимпиадалар мен халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатысып, өздерін үздіктердің қатарынан көрсетіп келеді. Бұл ең алдымен – үлкен ізденіс пен қажырлы еңбектің, шынайы қолдаудың нәтижесі, – деп хабарлады Алматы қаласы Білім басқармасынан. 

Айта кеткен жөн, Алматы қаласының құрама командасы 20 жыл қатарынан «Қазақстан Республикасының ең үздік олимпиада командасы» атанып келеді.

Өзгелердің жаңалығы