Алматыдағы «Рахат» және «Алатау» базары қайта жаңғыртылады

6 Қаңтар 2021, 13:46
2170
Бөлісу:
Алматыдағы «Рахат» және «Алатау» базары қайта жаңғыртылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылы «Рахат кз» және «Алатау» базарларының 4 блогын жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева айтты.

Жетісу ауданы - Алматы қаласының ірі өнеркәсіптік аудандарының бірі. Ауданның өндіріс көлемі 941 өнеркәсіп кәсіпорны есебінен қалыптасады, оның ішінде 37 ірі және орташа өнеркәсіп кәсіпорны мен 904 шағын кәсіпорын бар.

Статистика деректері бойынша 2020 жылы өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 212,3 млрд теңгені құраған. 2020 жылы бөлшек сауда көлемі 743,7 млрд теңгені, көтерме сауда 1 трлн теңгені құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 6 968 кәсіпорынды құрап, жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 8,7%-ға өсті, бұл - біз үшін өте маңызды көрсеткіш.

Пандемияға байланысты ауыр жағдайға қарамастан, нарықты жаңғырту және индустриялық-инновациялық жобалардың арқасында 2020 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар 45,8 млрд теңгені құрады, - дейді аудан әкімі.

Мысалы, 2020 жылы жалпы инвестиция көлемі 4,4 млрд теңге және 113 жұмыс орнын құрумен, инвестиция көлемі 600 млн теңге және 600-ге жуық жұмыс орнын құрумен, «Ялян-2» жаңғыртылған базарын құрумен санитарлық-гигиеналық өнім өндіру бойынша «Papirone» ЖШС фабрикасының ашылуы өткен.

Осы  жылы «Рахат кз» базары мен «Алатау» базарының 4 блогын жаңғыртуды аяқтау, сондай-ақ «Керемет» сауда үйінің құрылысын аяқтау жоспарлануда. 3 жоба инвестициясының жалпы сомасы 2,6 млрд теңгені құрайды, 880 жаңа жұмыс орны ашылады, - деді Гүлнар Көкебаева.

Биыл жалпы инвестиция сомасы 1,3 млрд теңге және 150 жұмыс орнын құрумен «Вираж» автосалонының құрылысын аяқтау жоспарлануда.


Өзгелердің жаңалығы