Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 9,6 пайызға қымбаттаған

10 Желтоқсан 2020, 10:08
1800
Бөлісу:
Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 9,6 пайызға қымбаттаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкіметтің онлайн өткен отырысында айтты. 

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің тауарларының бағасының өсуі  9,6 пайызды құрады. Бұл ретте 4,1 пайыздық тармаққа негізгі дүрлікпе өсім төтенше жағдай барысында тіркелді. Мәселен, 17-24 наурыз аралығында бағалар рекордтық 1,7 пайызға өсті. Үкімет тарапынан бағаны тұрақтандыру үшін тауарлардың 9 түріне шекті бағалар бекітілген болатын, 7 түрінің экспортына тыйым салынды және 6 түрін елден шығаруға ай сайын квота белгіленді, - деді Сұлтанов. 

Министр қосылған құн салығының ставкасы 12%-дан 8%-ға дейін төмендегенін айтты.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде баға өсімі тоқтатылды. Алайда биылғы 4-тоқсанда баға өсімі тағы да тіркелді: қазан айында – 2,8% және қарашада – 2,3%. Жыл басынан бері бағаның ең жоғары көлеміндегі өсіміне Нұр-Сұлтан қаласында, Павлодар және Атырау облыстарында жол берілді.Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың он тоғыз түрі кіретін тізімінен сегізі бойынша бағаның 10%-тен 30%-ке дейін едәуір өсуі байқалады, - деді ол. 

Сұлтанов қант пен қарақұмық жармасы сияқты импортқа тәуелді тауарлардың бағасы қарқынды өскенін айтты.

Бұған жыл ішінде валюта бағамының және әлемдік бағаның өсуі себеп болды. Қант пен қарақұмық негізінен Ресейден импортталады, тауарлар сәйкесінше 33,6% және 34,6%-ға қымбаттады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы