Биыл 600-ге жуық мектептің жиһазы жаңартылады

8 Ақпан 2022, 16:35
2853
Бөлісу:
Биыл 600-ге жуық мектептің жиһазы жаңартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова биыл 600-ге жуық мектептің жиһазын жаңарту жоспарланып отырғанын айтты.

Оның сөзінше, сапалы білім беру процесін қамтамасыз етудің шарты – жақсы материалдық-техникалық база. Сол себепті білім беру саясатында инфрақұрылымды жетілдіру ерекше маңызды.

«Білімді ұлт» жобасының аясында 2 000-нан астам физика, химия, биология кабинеттерімен қамтамасыз ету жоспарланды. Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен «Орта білім: модернизациялау» жобасы аясында ауылдық жерлердегі 128 мектеп биология, физика және химия оқу кабинеттерімен жабдықталады, - деп атап өтті Гүлмира Кәрімова.

Сонымен қатар биыл 600-ге жуық мектептің жиһазын жаңарту, 800-ге жуық мектеп кітапханасын жаңартып, көркем әдебиетпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы