Онда 542 адам қаза тауып, 7 мыңнан астам адам жарақат алған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді. Ол брифинг барысында жол-көлік оқиғасының негізгі себептердің бірі – жолдар мен инфрақұрылымның жағдайы екенін айтты.
Статистика бойынша елді мекендерге жол-көлік оғиғасының 84% тиесілі. Бұл ретте, адам шығының төрттен бір бөлігі жаяу жүргіншілерді қағып кету. Реттелмейтін өткелдерде ауыр жол апаты 5 есе жиі болады,- деді ол.
Сондай-ақ қала маңындағы жолдарда жағдай тіптен күрделі көрінеді.
Оларға ауыр апаттардың басым көпшілігі немесе адам шығынымен болатын барлық апаттың 50% тиесілі. Соңғы жылдары заманауи магистральдар жабдықталуда. Бұл жол қауіпсіздігіне оң әсерін тигізуде. Мәселен, 15 жыл бұрын жолдарда 4 мыңнан астам азаматты жоғалтқан болсақ, қазір 2 есе аз.Ал магистральдық жолдардың жекелеген учаскелерінде адам шығыны 6 есеге қысқарды,- деп атап өтті маман.
Атап өту керек, соңғы 5 жылда көлік құралдарының саны төрттен бір бөлігіне өскен. Бұл ретте автокөліктердің жартысының пайдалану мерзімі 20 жылдан асқанын ескеру қажет.
Спикер сөзінше дер кезінде қауіпсіздік жүйелері тексерістен өтпеген көліктер жол жүрісі қауіпсіздігіне байланысты тәуекелдерді тудырады. Мысалы, 2023 жылы техникалық ақау себебінен 18 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 7 адам қаза тапты және 26 адам жарақат алған екен.