Биыл 15 шетел азаматы Қазақстанда адам саудасының құрбаны болған

28 Шілде 2023, 12:26
741
Бөлісу:
Биыл 15 шетел азаматы Қазақстанда адам саудасының құрбаны болған
Фото: Артём Чурсинов -архив

Жыл басынан бері елімізде 15 шетел азаматы адам саудасының құрбаны болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер департаменті директорының орынбасары Гаухар Қалмақова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, оларға мемлекеттік көмек көрсетілген.

Бірінші жартыжылдықта 15 шетел азаматына арнайы әлеуметтік қызмет көрсеттік. Айта кетерлігі, былтырдан бері Қазақстанда адам саудасының құрбаны болған шетел азаматтарына көмек көрсетіліп келеді, - деп түсіндірді Әлеуметтік қызметтер департаменті директорының орынбасары.

Белгілі болғандай, республика аумағында бүгінгі таңда адамдарға қызмет көрсететін 14 дағдарыс орталығы ашылып, жұмыс істеп тұр.

Адам саудасының құрбандарына көмек мемлекеттік бюджет есебінен көрсетіледі. Зардап шеккендерге 8 қызмет түрі көрсетіледі, олар: әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбектік, мәдени, экономикалық және құқықтық қызметтер. Бұл қызметтер қылмыстық істің қозғалған-қозғалмағанына қарамастан көрсетіледі. Нормалар Қазақстан, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға бірдей қолданылады, - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін жыл басынан бері адам саудасына байланысты 100-ден астам қылмыс жасалғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы