Биыл 120-дан астам курсант лейтенант атағын алады

3 Маусым 2023, 21:02
1001
Бөлісу:
Биыл 120-дан астам курсант лейтенант атағын алады
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің әскери институты курсанттардың қорытынды аттестациясын қабылдайды. Бұл түлектер үшін «лейтенант» алғашқы офицерлік атағын алу жолындағы ең маңызды әрі қорытынды кезең болмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осылайша Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының бітіруші түлектері алдағы бір ай ішінде төрт жылда алған білімдерін жан-жақты дәлелдейтін болады. Болашақ офицерлер пәнаралық және арнайы пәндер, сондай-ақ дене шынықтыру бойынша мемлекеттік емтихандар тапсырады.

Олардың білімі мен іскерлігін құрамына Қорғаныс министрлігі мен Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің өкілдері кіретін мемлекеттік аттестаттау комиссиясы тексеретін болады.

Бұл курсанттар үшін өте жауапты әрі күрделі кезең болғалы тұр. Бұл сынақта олардың оқу қызметі қорытындыланбақ. Емтихан комиссиясы түлектер білімінің әскери-кәсіптік даярлық жөніндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындайды. Жоғары кәсіптік білім беру стандарттарына сәйкес келуін бағалайды, – деп атап өтті Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы полковник Қайрат Даутов.

Институт бастығы курсанттардың аттестаттау сынақтарынан абыроймен өтетініне сенімді.

Биыл оқу орнын 8 мамандық бойынша 122 курсант бітіргелі отыр. Оның ішінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық аясында білім алған көршілес Қырғызстанның үш өкілі бар. 8 курсант үздік дипломнан үміткер болып отыр.

Оқуды бітірген соң жас офицерлер Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарында қызметін жалғастырады.

Өзгелердің жаңалығы