Бітпейтін жиналыстар, құжатты келісу жұмысы, тиімсіз жұмыс: Тоқаев Үкіметті сынға алды

12 Желтоқсан 2022, 12:58
875
Бөлісу:
Бітпейтін жиналыстар, құжатты келісу жұмысы, тиімсіз жұмыс: Тоқаев Үкіметті сынға алды

Үкімет биыл еліміз тап болған сын-қатерлерге қарсы тиімді жұмыс істей алмады. Бұл  туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сөзімнің соңында тағы бір маңызды мәселеге тоқталғым келеді. Ашығын айтуымыз керек, Үкімет биыл еліміз тап болған сын-қатерлерге қарсы тиімді жұмыс істей алмады. Қойылған міндеттер толыққанды орындалған жоқ, - деді ол.

Тоқаев кейбір бағыттар бойынша мүлде жұмыс жасалмағанын қоса кетті.

Мысалы, әбден ескірген, қажеті жоқ нормативтік актілерді жою керек екені осыған дейін де бірнеше рет айтылды, Үкіметке тиісті тапсырмалар да берілді. Соның кесірінен министрлер және мекеме басшылары өздігінен әрекет етіп, жедел шешім қабылдай алмайды. Бітпейтін жиналыстарға, құжатты келісу жұмысына өте көп уақыт кетеді. Министрлік және ұлттық компания басшылары нақты шешім қабылдауға келгенде, өздеріне жауапкершілік алудан бастарын алып қашады. Ал тұтас елдің, халықтың тағдыры сол маңызды шешімге байланысты болып жататыны, өкінішке қарай, ескерілмейді, - деп айтты Тоқаев.

Ол Үкімет пен Президент Әкімшілігі арасындағы өзара іс-қимыл дұрыс жолға қойылмаған қоса кетті.

Өзгелердің жаңалығы