Bitcoin тағы топ жарды

3 Қаңтар 2021, 17:26
1352
Бөлісу:
Bitcoin тағы топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір тәулікте криптовалюта 34 мың доллар белгісінен алғаш рет өтіп, 15%-ға қымбаттады.

Bitcoin тағы да құнының тарихи рекордын жаңартты. Бұған Binance-нің 3 қаңтардағы мәліметтері дәлел, - деп жазады korrespondent.net.

Бір күнде криптовалюта бағасының өсімі шамамен 15%-ды құрады. Осылайша, қазір бір монетаның құны 34 102 долларды құрады.

Өз кезегінде Coindesk соңғы тәулікте биткоиннің бағасы 33 895 долларды құрағанын, ал қазір ол 33,7 мың долларға сатылып жатқанын хабарлады.

Соңғы айларда криптовалюта құны күрт өсті. Қазан айының басында биткоин шамамен 11 мың доллар тұрған еді. Жыл басынан бері криптовалюта институционалдық инвесторлардың криптовалюталарға белсенді ағыны аясында үш есе қымбаттады. 

Сондай-ақ, мәңгілікке жоғалған биткоиндердің саны аталды. Криптовалюта нарығының көлемі жүздеген миллиард доллардан асады. Бірақ бірнеше жыл бойы жоғалған биткоиндердің саны өте көп болды.

Өзгелердің жаңалығы