Бішкектегі ойында «Барселона» аңыздары жеңіске жетті

31 Тамыз 2023, 08:31
746
Бөлісу:
Бішкектегі ойында «Барселона» аңыздары жеңіске жетті
Фото: kaktus.media

Бішкектегі «Спартак» клубының стадионында «Барселона» клубы мен Орталық Азия аңыздарының арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алғашқы таймда екі гол соғылып, бірнеше ойыншы алмастырылды. «Азия аңыздарының» қақпасын алғаш болып 25-минутта Ривалдо саңылау тапса, 38-минутта Хуан Пабло Сорин мергендік танытты.

Ал, екінші таймның аяқталар тұсы, яғни 80 минутында «Барселона» аңыздары сапынан Хавьер Савиолла есепті еселеді. Қортынды есеп 3:0. «Барселона» аңыздары жеңіске жетті.

Айта кетейік, аталған ойында Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров та жасыл алаңға шығып, алғашқы тайм да орнын Хуршид Махмудовқа босатып берді.

Өзгелердің жаңалығы