Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр

12 Наурыз 2024, 17:27
344
Бөлісу:
Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр
Фото: автордан

Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Астана Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Прокурор Бишімбаевтың Нүкеновамен қалай танысқанын айтып берген болатын.

Бишімбаев Салтанат Нүкенованы психикалық азапқа салып, адамдық қадір-қасиетін қорлаған. Прокурор Бишімбаевпен Нүкенова үйленіп, бірге тұра бастаған кезде Қуандық Бишімбаев ашушаң, агрессивті, өзімшіл бола бастаған. Ол Салтанат Нүкенованың пікірін ескермеген. Онымен қоса, Бишімбаев Нүкеноваға туыстары мен құрбыларымен кездесуге, сөйлесуге тыйым салған. Бүкіл телефон хабарламалары мен СМС хабаларды бақылап отырған. Салтанат Нүкенованың табыс алып келіп отырған ісіне тыйым салған.

Прокурор Айжан Аймағанова айтуынша, Салтанат Нүкенова Бишімбаевтан бірнеше рет кетуге тырысқан, алайда Бишімбаев түзелетінін айтып сендірген.

Сондай-ақ экс-министр Салтанат Нүкенованы порнографиялық видеоға түсуге мәжбүрлегені белгілі болды. Алайда кешегі сот отырысында Бишімбаев кінәсін мойындамады.

Өзгелердің жаңалығы