Бишімбаев соты: Ресейлік сараптама істен алынып тасталды

17 Сәуір 2024, 10:27
959
Бөлісу:
Бишімбаев соты: Ресейлік сараптама істен алынып тасталды
Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Астанада әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың саны жағынан 12-ші сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Судья Айжан Құлбаева экс-министр Қуандық Бишімбаев адвокаттары жасатқан ресейлік сот-медициналық сараптамасы туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Ресейлік сарапшылардың зерттеуі қазақстандық мамандардың тұжырымдарына қайшы келеді. Судья сараптама жасау жөніндегі сотқа уақтылы хабар берілмегенін ескертті, сараптама заңды бұза отырып жасалғанын айтты.

Сот зерттеуді жүргізу кезінде объектілерді дайындауға және зерттеуге жіберуге арналған процессуалдық тәртіп бұзылды. Зерттеу жүргізуді тағайындау кезінде жәбірленуші тараптың құқықтары бұзылып, елеулі бұзушылықтар жасалды деп есептейді, - деді судья. 

Еске сала кетсек, бұған дейін судья Айжан Құлбаева алқабилердің бірінің ауысқанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы