Бишімбаев соты. Алқабилерді көрсетіп қойған журналистер жазаланды

22 Сәуір 2024, 10:39
1419
Бөлісу:
Бишімбаев соты. Алқабилерді көрсетіп қойған журналистер жазаланды
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Бишімбаевтың ісінде судья журналистерді кіргізу жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Судья Айжан Құлбаева сот залына БАҚ өкілдерін кіргізу және кіргізбеу мәселесіне тоқталып, сотқа қатысушы тараптардың пікірін сұрады. 

Құлбаева алқабилердің түрі көрініп қалған сюжетті КТК арнасы таратқанын, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Тәртіп бұзған БАҚ-қа ескерту жасалды.

Еске салайық, осыған дейін әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты кейбір шетелдік сериалдан қалай асып түскенін айтқан едік.

Өзгелердің жаңалығы