Бишімбаев Нүкенованың неге емшіге жүгінгенін айтты

1 Сәуір 2024, 17:58
810
Бөлісу:
Бишімбаев Нүкенованың неге емшіге жүгінгенін айтты
Фото: видеодан скрин

Экс-министр Қуандық Бишімбаев неге емшіге жүгінгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл 9 наурызда емес, одан бұрын болған. Біз балгерге емес, қазақша айтсақ, емшіге бардық. Салтанат бала көтере алмай жүрді. Емші тек сағат таңғы 6-10 аралығында қабылдай алатын. Кезек көп болатын. Салтанатқа таңертең ояну қиын еді, сондықтан сағат 5-те оятуға тура келді. Әйтпесе, ерте келмесек, мүлдем үлгермейтін едік. Мен де, ол да балалы болғысы келді, өкінішке қарай болмады, - деді Бишімбаев.

Сондай-ақ Бишімбаев адвокаттың "Салтанатты құрбыларымен сөйлесуге тыйым салдыңыз ба?" деген сұрағына жауап берді.

Мүлдем олай емес. Ешқашан сөйлесуге тыйым салған емеспін. Ол үнемі "бұрынғыдай болмайды" деп тынып жүрді. Мен күнде 10-да жұмысқа кетіп, 7-8-ге қарай оралып жүрдім. Сол аралықта ол (еск - Нүкенова) кездесуіне, жұмысына баратындай уақыт болды. Мен оған ылғи "Өтінмен, Салта құрбыларыңмен кездес, тек нешеде келетініңді айт" дейтінмін, - деді күдікті.

Еске сала кетейік, осыған дейін Бишімбаев Салтанат Нүкеновамен қалай танысқанын айтты. Экс-министр Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қасақана өлтірмегенін және Салтанаттың туыстары жайлы да айтып берді. Бишімбаевтан тағы жауап алынатыны туралы да бүгін белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы