Біртановтың адвокаттары оны үйқамақтан босатуды сұрап отыр

26 Шілде 2021, 14:29
1638
Бөлісу:
Біртановтың адвокаттары оны үйқамақтан босатуды сұрап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты сот отырысы өтті. Экс-министрдің қорғаушылары оны тез арада үйқамақтан босатуды сұрап отыр.

14 шілде күні Елжан Біртановтың үй қамағы мерзімі тағы да екі айға ұзартылған болатын. Оның адвокаттары Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының сәйкес қаулысына жеке шағым түсірді. Осылайша, олар бірінші инстанциядағы сот қаулысының күшін жоюды сұрады.

Олардың айтуынша, сот Біртановты үйқамаққа алуға заңды негіз жоқ. Қорғаушылар экс-министрдің қашып кетуі немесе істі әділ тергеуге кедергі келтіруіне қатысты дәлел жоқ екенін атап өтті.

Себебі тергеуші де, прокурор да ауызша не жазбаша хабарламаған. Әрі іс бойынша тергеу аяқталғаны белгілі. Судья Бабатовтың қаулысының күшін жоюды сұраймын, - деді адвокат Нұрлан Бейсекеев.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа ақпараттандырудың жұмыс істемейтін платформасын қабылдау және пайдалануға енгізу жолымен қызмет өкілеттілігін теріс пайдалануға қатысты күдікке ілінген болатын.

Өзгелердің жаңалығы