Біртанов: Мен кінәсізбін, әрі қарай күресеміз

28 Қазан 2022, 17:20
949
Бөлісу:
Біртанов: Мен кінәсізбін, әрі қарай күресеміз

Бұл туралы бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен санавиацияға қатысты кінәсіз деп танылған (сот үкімінің – ред.) бөлігімен ғана жартылай қанағаттандым. Платформаға қатысты эпизодқа келер болсам, қанағаттанбадым. Өзімді кінәсізбін деп есептеймін. Заңға сәйкес менің бұл шешімге шағым түсіруге құқығым бар. Біз оларды міндетті түрде қолданамыз, сондықтан мәселе әлі ашық тұр. Әрі қарай күресемін, кінәсіз екенімді дәлелдеймін, - деді Біртанов сот отырысынан соң.  

Айтуынша, тағылған айыптар бойынша дәлелдің жоқтығына жеткілікті түрде дәйектер келтірілген. Әрі дәл қазір эмоцияға жол беретін уақыт емес деп отыр.

Біз адвокаттарымызбен кеңесіп, біздің тарапымыздан қылмыстың жоқтығын дәлелдеу үшін әрі қарай күресуді жалғастырамыз, - деп атап өтті бұрынғы Денсаулық сақтау министрі. 

Белгілі болғандай, Біртанов медициналық компанияда жұмыс істеп жүр. Астанадан ешқайда кетпейтінін жеткізді. 

 Еске сала кетейік, бүгін Астанада  бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевтің ісіне қатысты сот үкімі жарияланған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы