Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

5 Қараша 2024, 21:44
365
Бөлісу:
Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: архив

Ертең, 6 қарашада Қазақстанның 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 06 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда 23 м/с. Орал қ.: 06 қараша түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбеде түнде қатты қар күтіледі. Көктайғақ, күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Астанада таңертең және күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі

Қостанайда күндіз кей уақытта қатты қар, таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасың күтіледі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, орталығында 23-28 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 06 қарашада жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қ.: 06 қарашада оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Семей қ.: 06 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысында бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с . Атырау қ: 06 қарашада түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.

Қарағандыда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

Көкшетауда таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавлда күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Өзгелердің жаңалығы