Бірқатар олимпиадалық спорт түрлерінен бас бапкерлер ауысады

29 Сәуір 2022, 17:15
1503
Бөлісу:
Бірқатар олимпиадалық спорт  түрлерінен бас бапкерлер ауысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, спорт түрлерінің барлығын бірдей толыққанды дамыту мүмкін емес. 

Сондықтан соңғы 10 жыл ішінде өткен Олимпиада, Азия ойындарындағы ұлттық құрама командалардың жетістіктерін ескере отырып, министрлік басым спорт түрлерінің тізімін анықтады. Оған 15 спорт түрі кіреді. Дегенмен, осы 15 спорт түрінің ішінде тек 6-7 спорт түрлері Олимпиада және әлем чемпионаттарында жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүр. Осы 15 спорт түрі бойынша алдағы уақытта өңірлердің жұмысын бағалау жүйесі әзірленеді. Спорт ғалымдары мен білікті мамандарды осы спорт түрлерін дамытуға жұмылдырамыз, - деп атап өтті комитет төрағасы. 

Сонымен қатар ол ұлттық құрамаға тоқталып өтті. 

Ұлттық құрамалардың бас жаттықтырушыларын тағайындау, бүгінгі таңда министрлік республикалық федерациялармен бірлесе отырып, бірқатар олимпиадалық спорт түрінен бас жаттықтырушыларды ауыстырады. Басты себеп – ұлттық құрама спортшыларының кешенді және халықаралық жарыстардағы төмен нәтижелері. Сондықтан оны заңнамалық тұрғыда көтеріп түзететін боламыз, - деді ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы