Бірқатар алматылық мемлекеттік наградалармен марапатталды

16 Қараша 2022, 11:25
810
Бөлісу:
Бірқатар алматылық мемлекеттік наградалармен марапатталды

Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Алматы қаласының бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін: 

«Парасат» орденімен «Қазақстанның қала құрылысшылары одағы» ҚБ президенті Любовь Владимировна Нысанбаева;

 «Құрмет» орденімен «Қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК дәрігері Роза Айтжанқызы Дүйсенбаева; 

«Ерлігі үшін» медалімен ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Қайрат Бекәлиханұлы Нұржаубаев; 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Hyundai Trans Auto» ЖШС өндіріс басшысы Садыкжан Абдулович Мусаров; 

«Шапағат» медалімен «Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ магистранты Әділхан Темірханұлы Төлепберген марапатталды.

 

Өзгелердің жаңалығы